Президент бастамалары сапалы заңдармен қамтамасыз етіледі - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Президент бастамалары сапалы заңдармен қамтамасыз етіледі

01.09.2021

Президент Жолдауы тұрақтылықты одан әрі дамытуға арналған стратегиялық құжат. Мәжіліс төрағасы Нұрлан Нығматулин осылай деп мәлімдеді. Тың бастамалар халықтың әл ауқатын арттыруға сеп боларына сенімді. Өйткені Жолдауда барлық сала қамтылған.

Айдос Сарым, ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты:
Көтеріліп жатқан мәселелер меніңше адам тұрғысынан қарастырылған сияқты. Жалпы жолдаудың да, саясаттың да басты негізі азаматтардың бақуаттылығын, ырыс-берекесін көбейту ғой. Олай болса адамға не керек деген сұрақ бар. Су, ауа, еңбек керек. Осының тұрғысында жасалған сияқты. Яғни жолдаудың өзегі – ол еліміздің азаматтары.

Сауытбек Абдрахманов, ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты:
Алдағы 5 жыл ішінде сапалы ауыз сумен 100 пайыз қамтамасыз ету. Бұл енді ел үшін ерекше қуанышты жағдай. Содан кейін ең төменгі жалақы мөлшерін 40 мың теңгеден 60 мың теңгеге өсіру бүкіл өмірді өзгертетін, мың-миллиондаған адамдардың тұрмыс жағдайын жақсартатын дүние.

Жұлдыз Сүлейменова, ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты:
Қазіргі таңда оқушылардың орын тапшылығы 200 мыңнан жоғары. Алдағы 5 жылда бұл миллионға дейін жетуі мүмкін. «Nur Otan» партиясы 800 мектеп салу арқылы 3 ауысымды және апаттық мектептерді алмастыруды қарастырған болатын. Сол 800-ден мың мектепке дейін көтеру мәселесі қойылды. Менің ойымша бұл өте өзекті. Және дер кезінде ұсынылып отырған әлеуметтік үлкен жоба болары сөзсіз.


Хабарламаларға жазылу