Алакөлді ластаған қонақ үйдің жұмысы уақытша тоқтатылуы мүмкін - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Алакөлді ластаған қонақ үйдің жұмысы уақытша тоқтатылуы мүмкін

08.08.2019

Алакөлге хауыздың лас суын төккен қонақ үйдің жұмысы уақытша тоқтатылуы мүмкін. Қазіргі таңда Алматы облысы бойынша экология департаменті екі құқықбұзу фактісі бойынша айыппұл салды. Сондай-ақ көлге келтірілген залал анықталғанша қонақ үй жұмысын тоқтату туралы сотқа ұсыныс дайындап жатыр. Естеріңізге сала кетейік өткен аптада көлге лас судың төгіліп жатқан видеосы әлеуметтік желіге тарап, көптің наразылығын тудырған болатын. Артынша арнайы құрылған комиссия тексеру жүргізді.

Сейдалы Сариев, Алматы облысы бойынша экология департаментінің баспасөз хатшысы:

ҚР ӘҚБК 328-ші және 337-ша баптарымен айыппұлдар салынды. Айыппұлдың сомасы 75 750 теңге. Екі айыппұл салынды. Қазір енді осы экологиялық құжаттарды толық рәсімдегенше кәсіпорынның жұмысын тоқтату туралы сотқа құжаттар дайындалуда.

 

Қ. Қанатұлы

Хабарламаларға жазылу