Шығыс Қазақстанда 4 мың жыл бұрын қаланған ескерткіштер табылды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Шығыс Қазақстанда 4 мың жыл бұрын қаланған ескерткіштер табылды

20.08.2021

Шығыс Қазақстанда осыдан шамамен 4 мың жыл бұрын қаланған ескерткіштер табылды.  Отандық археологтар Абай ауданына қарасты Тоқтамыс ауылы маңындағы қазба жұмыстарын 2014 жылы бастаған. Қола дәуіріне жататын үлкен ескерткіштер кейінгі 2 жылдан бері зерттеліп келеді. Еуразия Ұлттық университеттнің ғалымдары топырақ астындағы тас қабырғалардан жылқы мен аңдардың суреттерін тапты. Ал көне құрылыстың ішінен табылған адам мен жануарлар сүйектерін отандық ғалымдар жапондық әріптестерімен бірлесе зерттеп, ескерткіш осыдан 3 856 жыл бұрын тұрғызылған деп отыр. Құрылысқа 10 мың тонна тас пайдаланылған көрінеді. Ескерткіштің жанынан 6 қырлы тағы бір архитектуралық нысанның орны табылды. Онда зерттеу жұмыстары әлі де жалғасатын болады.

Ұлан Үмітқалиев, археология және этнология кафедрасының меңгерушісі: 
Үлкен ескерткіштің қазіргі уақытта екі бөлігінің жартылай ғана зерттеу жасалған боалтын. Алдағы уақытта басқа аумақтар да зерттелетін болса, дәл осындай суреттер ашылуы мүмкін.  Еуразия даласындағы ұлы көшпенділердің мәдениетін айғақтайтын ескерткіштер, қызықты материалдар табылады деген сенімдеміз.

Дарын Сағитов

Хабарламаларға жазылу