ШҚО-да іргетасы 4-5 жыл бұрын қаланған 7 мектептің құрылысы тұралап тұр - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

ШҚО-да іргетасы 4-5 жыл бұрын қаланған 7 мектептің құрылысы тұралап тұр

19.06.2015
ШҚО-да іргетасы 4-5 жыл бұрын қаланған 7 мектептің құрылысы тұралап тұр

Күршім ауданына қарасты Үшбұлақ ауылында 80 орындық жаңа мектептің іргетасы осыдан 5 жыл бұрын қаланған.

Екі қабатты нысан мемлекеттік комиссияға 2012 жылы тапсырылуы тиіс еді. Бірақ, басталған істің аяқталар түрі көрінбейді.

Тендерді ұтып алған алғашқы мердігердің қауқары тек 1 қабатты көтеруге ғана жетіпті. Бұдан соң құрылысты басқа мердігер жалғастырып, екінші қабатты тұрғызған. Бірақ жақын арада құрылыс жұмыстары тағы да тұралап қалуы кәдік. Өйткені бөлінген қаражат бітуге таяп қалыпты.

Шенеуніктердің мәлімдеуінше, мектеп құрылысының сағызша созылып кетуіне жолдардың ауыртпалығы себеп болған көрінеді. «Жобалаушылар логистиканы дұрыс жазбаған» дейді.

 

Берік КӨШЕРБАЕВ

Хабарламаларға жазылу