Алматыда 14 күндік үй карантинін бұзған 200-ге жуық тұрғын жазаланды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Алматыда 14 күндік үй карантинін бұзған 200-ге жуық тұрғын жазаланды

20.08.2021

Алматыда эпидахуал әлі де күрделі. Мегаполис «қызыл» аймақта. Соңғы тәулікте қалада 1 500-ден аса адам коронавирус жұқтырды. Оның ішінде симптомды, жеңіл және орташа деңгейдегі белгілермен – 1 440 науқас тіркелді. Бір күнде 10 мыңнан аса алматылық вакцина қабылдады. Жалпы шаћар бойынша коронавирусқа қарсы екпе алғандардың саны 833 мыңнан асты. Басында күмәнмен қараған айтыскер ақын Шұғайып Сезімханұлы өз райынан қайтып, жақындарын қорғау үшін екпе алғанын айтады.

Шұғайып Сезімханұлы, айтыскер ақын:
Мамандардың айтуынша аурудан құтылудың жалғыз жолы – вакцина деп жатыр ғой. Сондықтан денсаулығы жарап тұрса, мүмкіндіктері болып жатса, айналасындағы адамдарға зиянын тигізбес үшін вакцинаны алған дұрыс шығар деп ойлаймын. 

Сондай-ақ, мегаполисте 14 күндік үй карантинін бұзған 200-ге жуық тұрғын жазаланды. Оларға әкімшілік хаттама толтырылып, әрқайсысына 87 500 теңге айыппұл салынды. Санитарлық-эпидемиологиялық бақылау департаментініің мәліметінше мәртебесі «қызыл» адамдар Ashyq жобасы бойынша жұмыс істейтін нысандарға кірмек болған.

Қуан Нұрақын

Хабарламаларға жазылу