Бүгін сағат түскі 13:40- та Арыстағы әскери қоймадан тағы да дүмпу естілді. Жарылыстардан жүрегі шайлығып қалған тұрғындар тағы да өре түрегелді. Артынша, Қорғаныс министрлігі ресми мәлімдеме жасап, халықты сабырға шақырды. Айтуларынша, инженерлік-саперлік топ, қойманың маңайында оқ-дәрі қалдықтарынан тазалап жүргенде, снаряд жарылып, артынша өрт тұтанған. Абырой болғанда, әскерилер дін аман. Өрт ауыздықталған. Осы оқиғадан кейін Қорғаныс министрінің орынбасары Бақыт Құрманбаев шұғыл баспасөз жиынын өткізді. Айтуынша, «тасымалдауға болмайтын оқ-дәрілер арнайы қалыпқа салынып, жоспарлы түрде жарылады. Одан жергілікті тұрғындарға ешқандай қауіп жоқ,- дейді. Және де әскери арсенал аймағына жақындауға болмайтынын ескертті.
Бақыт Құрманбаев, ҚР Қорғаныс министрінің орынбасары:
Кейбір боеприпастарды көтеруге болмайды. Жылжытуға болмайды. Біз оларға калпак кигіземіз. Сосын жарамыз. Өзіміз. Бірақ оның сынықтары ұшпайды. Бірақ дауысы естіледі.
Гүлжазира ҒАЛИҚЫЗЫ