«Бастау бизнес» жобасы 5000 қатысушыны оқытып, несие беруге ниетті
Кәсіпкер боламын деушілерге жақсы жаңалық. Бизнестің қыр-сырын меңгеріп қана қоймай, қаржылай қолдауға ие болатын мүмкіндік туды. «Атамекен» ұлттық кәсіпкерлер палатасы «Бастау бизнес» жобасына өтінім қабылдауды бастады. Енді сала мамандары 5000-нан астам қатысушыны кәсіпкерлікке баулуға ниетті. Олар білім алып қана қаймай, шағын несие ала алады. Бұл мақсатқа 22,5 млрд теңге қарастырылған. Әр өңірде осы қатысушыларға ғана шағын несие беретін ұйымдар ашылды. Оны алу үшін кепілге қоятын мүліктің болуы маңызды. Тиімді жобаға жастар, көпбалалы отбасылар, еңбекке қабілетті мүгедектер және қандастар қатыса алады.
Ринат Кемешов, «Атамекен» ҰКП департамент директорының орынбасары:Ауылдық жерлерде 7 млн беріледі. Қалалық жерлерде 18 млн, Шымкент Ақтау ,Атырау -23 млн теңгеге дейін беріледі. Несие 6 пайызбен беріледі. Жалпы мерзімі 5 жылға дейін, ауыл шаруашылығы саласы азаматтары үшін 7 жылға дейін беруге дайынбыз.
Раушан Сайлауқызы
Автор
Раушан Сайлауқызы
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
БҚО-да 59 мыңнан астам кәсіпкер еңбек етеді
11.09.2025, 20:28

Экономиканы әртараптандыру: Өңдеу өнеркәсібіне инвестиция тартылады
11.09.2025, 20:26
Биыл еліміздің мектептерінде ЖИ-ді үйрету бойынша қосымша сабақтар енгізілді
11.09.2025, 20:25
Өскеменде оқу бағдарламасы толық цифрлы жүйеге көшті
11.09.2025, 20:21
Халық бір палаталы Парламенттің тиімді, үнемді болатынына үмітті
11.09.2025, 20:21
Алматыға жарты жылда млн-нан аса турист келген
11.09.2025, 20:19
Маңғыстауда туризм саласында 2029 жылға дейін 19 жоба жүзеге асырылмақ
11.09.2025, 20:19
«Qazaq Digital Mektebi» жобасы білім сапасын арттырады
11.09.2025, 20:17