Елордада балалар арасында КВИ жұқтыру дерегі 5,5 пайызға артты
Елордада балалар арасында ковид жұқтыру дерегі 5,5 пайызға артты. Бүгін баспасөз алаңында сұхбат берген денсаулық сақтау саласының мамандары осылай деді. Дәл қазір бізбен байланыста Раушан Сайлауқызы.
Раушан Сайлауқызы, тілші:
Жалпы жыл басынан бері 10 мыңнан астам бала ковид жұқтырған екен.. Балалар арасында ауру жұқтыру көрсеткіші әсіресе жазғы демалыста үдей түскен. Тек елордаданың өзінде 74 бала ауруханада ем алуда. Оның жетеуі вирустың ауыр түрімен арпалысып жатыр. Аурудың инкубациялық кезеңі екі аптаға созылады. Балалардың өкпесінен бөлек, өзге де органдарына зақым келтірген жағдайлар бар. Ауырған жеткіншектердің ата-анасы екпе салдырмаған, жан сақтау бөлімінде жатқан үлкендердің дені екпе алмағандар дейді мамандар.
Тимур Мұратов, Нұр-Сұлтан қаласы қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының басшысы:
Мутацияға ұшыраған вирусқа 25 жас пен одан жоғары азаматтар жиі шалдыға бастады. Атап айтқанда, сырқаттар тыныс алу жүйесінен бөлек, асқазан-ішек жолының бұзылуы, жүйке жүйесінің бұзылуы, буын ауруларының да зардабын тартып отыр. Пациенттер орташа немесе ауыр жағдайда түсіп жатыр. Олардың көбі өкпеге оттегі беруді қамтамасыз ететін көмекші аппараттарды қажет етеді.
Раушан Сайлауқызы, тілші:
Екпе салдырмағандардың басым бөлігі жансақтау бөлімінде жатыр дейді дәрігерлер. Сондай-ақ маманға кеш жүгініп, ауруын асқындырып келетіндер де азаяр емес. Ел бойынша 5000-ға жуық адам жан сақтау бөлімінде жатыр, аурухананың толымдылығы 54 пайыз. Науқастардың басым бөлігі Атырау, Нұр-Сұлтан, Ақтөбе, Алматы қаласы мен Жамбыл облысында көптеп тіркелуде.
Раушан Сайлауқызы
Автор
Раушан Сайлауқызы
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Бақдәулет Ұлттық арна ұжымымен танысты
08.04.2026, 20:57
Алматбек Аманбек грек-рим күресінен Азия чемпионы атанды
08.04.2026, 20:49
Қытайлық ащы өнімдердің 75%-ы талапқа сай емес
08.04.2026, 20:22
Атты полицей адасқан баланы жапан даладан тапты
08.04.2026, 20:17
Үкімет халықтың табысын 2–3 пайызға арттыруды мақсат етіп отыр
08.04.2026, 20:16
Ұлттық банк: Теңге – Орта Азиядағы ең тұрақты валютаның бірі
08.04.2026, 20:14
Алакөл жағалауында жазғы маусымға дайындық жүріп жатыр
08.04.2026, 20:10
Трамп Тегеранның атысты тоқтату туралы ұсыныстарын қабылдады
08.04.2026, 20:10