Елордалық оқушылар жаңа оқу жылында дәстүрлі форматта білім алады - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Елордалық оқушылар жаңа оқу жылында дәстүрлі форматта білім алады

10.08.2021

Елордалық оқушылар жаңа оқу жылында дәстүрлі форматта білім алады. Қалалық білім басқармасы мамандарының сөзінше, сабақ басталғанша барлық мектептерге «Ashyq» жүйесі орнатылмақ. Бұл карантиндік талаптарды сақтай отырып, білім беруді жалғастыруға мүмкіндік бермек.

Десе де, бәрі қаладағы эпидемиологиялық жағдайға байланысты болмақ. Мектептер бас санитар дәрігердің қаулысына сай жұмыс істейді. Білім беру мекемелерін күн сайын дезинфекциялап, желдету және кварц жасау міндетті. Кіреберісте оқушылардың дене қызу өлшенеді. Тұмау белгілері бар балалар мектепке кірмейді, үйіне кері қайтады. Мектеп ішінде әлеуметтік қашықтық сақтау шарт. Әр сыныпқа бір кабинет бекітіледі. Үзіліс әртүрлі уақытта болады. Бала саны 25тен аспауы тиіс. Сондай-ақ ұстаздар мен мектептің техникалық мамандары оқу басталғанша екпе алуы тиіс. Білім беру мекемелерінде қоғамдық шаралар ұйымдастыруға тыйым салынады. 

Раушан Сайлауқызы

Хабарламаларға жазылу