Саперлар қаланы жарылғыш заттардан тазалау жұмыстарын жүргізуде - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Саперлар қаланы жарылғыш заттардан тазалау жұмыстарын жүргізуде

25.06.2019

Қазір инженерлік-саперлік топ Арыс қаласын жарылғыш заттардан тазартып жатыр. Қаланың іші-сыртын жіті тексеріп атылмаған оқ-дәрілер табылса залалсыздандыруда. Әскери мамандар осы уақытқа дейін оннан астам снаряд анықтап, аулаққа алып шыққан. Нақты, айналаны 9 топ шолып жүр. Оларға тағы 5 топ қосылмақ. Осылайша, саперлар бірінші кезекте тұрғын үй нысандары мен теміржол желісін ерекше назарға алған. Бұдан бөлек Арыстың аумағы, сырты және көше ішілік жолдар, төңірек түгел тінтіліп, іздеу жұмыстары жүргізілуде. 

 

Заманбек Жанжігітов, «Оңтүстік» өңірлік басқармасы инженерлік іздеу бөлім басшысы:

 

Алдымен табылған оқәрілер сәйкестендіріледі. Яғни тасымалдауға жарамды болса камазға тиейміз. Қаладан жырақ шығарып, нұсқау бойынша жоямыз. Сапер жігіттер тәжірибелі. Сақ, әрі мұқият қимылдайды. Бұрын елді мекендерде мұндай жұмыстарды атқарған.

 

Қорғаныс министрі Нұрлан Ермекбаев та осы жерде. Ол әскери бөлім орналасқан жерге барып, материалдық-техникалық жағдаймен танысты. Тиісті тапсырмалар берді. Жалпы жарылыс салдарын жоюға жеке құрамнан 1800-ге жуық адам және 50-ден аса техника жұмылдырылды. Әуе барлауын жүргізу үшін ұшқышсыз ұшу аппараты да іске қосылған.

 

Нысаналы ЫҒЫЛ

 

 

 

Хабарламаларға жазылу