Министр Дәурен Абаев оқиғаға байланысты көңіл айтып, бір күндік жалақы аударылатынын айтты. Сондай-ақ «Qazaqstan» корпорациясының қызметкерлері де бір күндік жалақысын аударады - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Министр Дәурен Абаев оқиғаға байланысты көңіл айтып, бір күндік жалақы аударылатынын айтты. Сондай-ақ «Qazaqstan» корпорациясының қызметкерлері де бір күндік жалақысын аударады

25.06.2019

Қазақ халқы өзінің бірлігін көрсетті. Ақпарат және қоғамдық даму министрі Дәурен Абаев Арыстағы жағдайда елдікті танытқан елдің ісін жоғары бағалады. Бүгін халықпен есептік кездесуінде министр Арыс тұрғындарына Қазақстанның түпкір-түпкірінен көмек беруге ынта танытып жатқан азаматтардың саны артып келе жатқанын айтты. Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің қызметкерлері де зардап шеккен қалаға көмек ретінде бір күндік жалақыларын аударды.

 

Дәурен Абаев, ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрі:

 

Арыстағы ағайынмен біз де бірге екенімізді айтқым келеді. Кешегі қайғылы оқиғада қаза болған азаматтардың туған-туыстары мен жақындарына қайғырып көңіл айтамыз. Жарақат алған кісілердің тез сауығып кетуін тілейміз. Біз тағы да елдігімізді таныттық, осындай тосын оқиғаларда бір жұдырықтай жұмыла білетін бірлігімізді көрсеттік. Арыстан уақытша эвакуацияланған ағайынға Қазақстанның түпкір-түпкірінен көмек беруге ықылас танытып жатқан азаматтардың да саны артып жатыр.

 

Сонымен қатар, «Қазақстан» телерадиокорпорациясының ұжымы да бір күндік еңбекақыларын арыстық ағайынға аударды.

 

Асима НҰРБАЙҚЫЗЫ

Хабарламаларға жазылу