Алматыда коронавирус жұқтырғандар саны күннен күнге көбейіп барады. Соңғы тәулікте алып шаћарда 1570 адамның вирус жұқтырғаны белгілі болды. Қаладағы инфекциялық стационарларда 5 мыңнан астам науқас емделіп жатыр. Оның 204-і - бала. 370 пациенттің жағдайы ауыр. Мамандардың сөзінше, бұған басты себеп - коронавирустың Дельта штамының жылдам таралуы. Сондықтан алматылық дәрігерлер қауіпті індетті тоқтату үшін екпе салдырған абзал дейді.
Сәкен Әміреев, медицина ғылымдарының докторы, профессор:Вакцинадан басқа бұл ауруға қарсы тұратын ешқандай амал қалмады. Сондықтан тек қана вакцинация арқылы біз бұл пандемияны тоқтата аламыз. Мен өзімде сол вакцинаны салдырғам. Жұқтырып алсаңыздар неше түрлі қайғылы жағдайлар тіркеліп жатыр ғой. Вакцина салсаңыздар,тіпті жұқтырып қалсаңыздар ол жеңіл түрде өтетін болады. Осыны ұстаныңыздар барлықтарыңыздан сұраймын маман ретінде.
Бір тәулік ішінде Алматыда екпенің 1-компонентін 7100 тұрғын салдырған. Ал 2-компонентін алғандар 12 мың адамнан асты. Жаппай вакцинациялау басталғалы 750 мыңға жуық адам екпе салдырды. Олардың 100 мыңнан астамы - 60 жастан асқан қарт кісілер. Қазір қалада медициналық мекемелерден бөлек мәдениет, спорт нысандары мен базар, сауда орталықтарында 167 вакцинация пункті жұмыс істеп тұр.
Жазира Оразқызы