Екі жыл бұрын құдыққа құлап көз жұмған 13 жастағы баланың өліміне қатысты сот үкімі шықты. «Астана су арнасы» кәріз қызметінің басшысы абайсызда кісі өліміне себеп болғаны үшін кінәлі деп табылды. Соттың шешіміне сәйкес, айыпталушы жәбірленуші тарапқа 10 млн теңге өтемақы беруі қажет. Бірақ, айып мерзімінің ескіруіне байланысты сот үкімі негізсіз деп табылды, яғни әзірге заңды күшіне енген жоқ. Сот барысында ұйым әйелді жұмыспен және баспанамен қамту туралы ұсыныс білдірді. Алайда марқұмның анасы бұл ұсыныстан бас тартып, сот шешімімен келіспейтінін жеткізді. Оның пікірінше, жеткіншектің өліміне себепші болғандар түрмеге жабылуы тиіс. Әрі зардап шегуші тарап моральдық өтемақы ретінде 50 млн теңге талап етіп отыр. Естеріңізге салсақ, 2019 жылы 13 жастағы бала кәріз құдығына түсіп, бірнеше күннен кейін өлі күйінде табылған еді.
Раушан Сайлауқызы