Шымкентте КВИ-ден көз жұмған 277 науқастың ешбірі вакцина салдырмаған
Шымкентте бір күнде коронавирустан 15 адам көз жұмды. Тағы 293 адам жансақтау бөлімінде ажалмен арпалысып жатыр. Дәрігерлердің айтуынша, олардың ешбірі індетке қарсы вакцина салдырмаған. Сақтық шараларын елемей көпшілік жиналған орындарға барған. Ауру өршіп, қайғылы жағдайлар көбеюіне байланысты дәрігерлер қорғанудың бірден-бір жолы вакцина салдыру екенін айтады. Оған дәлел - бірі қалмай түгел екпе алған медицина қызметкерлерінің арасында вирус жұқтыру тыйылған. Ал вакцина салдырып, індеттің құрығына іліккендер небәрі 0,22 пайыз ғана. Оларда ауру жеңіл жағдайда өткен.
Шыңғыс Мұқан, Шымкент қаласы әкімінің бірінші орынбасары:
Қайтыс болған азаматтардың арасында бірде бір адам вакцина салдырмаған. Реанимациядан жатқандардың ішінде бірде бір адам вакцина салдырмаған. Екіншіден дәрігерлердің арасында аурушаңдық өте төмен және өлім-жітім жоқ. Вакцина салдыру аурудың алдын алатынына одан артық қандай дерек, қандай шындық керек.
Ғани Қалмаханов
Автор
Ғани Қалмахан
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Бір картинада - жүз тұлға
22.10.2026, 20:30
Студент егіс алқабын ЖИ арқылы талдайтын платформа әзірледі
22.10.2026, 20:21
Түркістан облысында мақта жинау науқаны аяқталуға жақын
22.10.2026, 20:20
Қыстау-Күршім ауылында жаңа мектеп ашылды
22.10.2026, 20:17
Қарағанды облысында жаңа кірпіш зауыты іске қосылды
22.10.2026, 20:15
«Таза Қазақстан» акциясына 8 млн адам қатысты
22.10.2026, 20:13
Еліміздің экобастамаларын сарапшылар жоғары бағалады
22.10.2026, 20:11
Қазақстан мен ЕуроОдақ байланысы нығайып келеді
22.10.2026, 20:06