Облыста арнайы штаб құрылды. Жастар, еріктілер, кәсіпкерлер ерекше белсенділік танытып, түнімен гуманитарлық көмек керуенін дайындады. Оған барлық аудандар да атсалысып жатыр. Азық-түлік, киім-кешек, тұрмыстық заттар тиеген көліктер бүгін Арысқа жөнелтілді. Өңірдегі тілшіміз Ақерке Берікбекқызы қазір бізбен тікелей байланысқа шығады.
Әрине, Көрші облыста болған оқиғаға Сыр жұртшылығы да бей-жай қарай алмайды. Сын сағатта халық ауызбіршілігі мен бірлігін көрсетіп жатыр. Арыс халқына қолдан келгенше көмек беріп, қолдауға әзір. Қала тұрғындары,жастар, кәсіпкерлер, ешкім қарап қалып жатқан жоқ. Кешеден бері қолында барын қабылдау бөліміне әкеп тапсырып жатыр. Қоғамдық ұйымдар, жастар ұйымдары, белсенділер және «Нұр отан» партиясы облыстық филиалының ғимаратында көмек көрсету пункті ашылды. Ол күндіз-түні, яғни 24 сағат үзіліссіз жұмыс істеп жатыр. Қазір менің қасымда қаладағы белсенді жастардың бір Бексұлтан Өткелбаев тұр. Бексұлтаннан жағдай қалай болып жатқанын білейік.
Заттардың барлығы бір жерге жиналады, сосын арнайы көлікпен Арысқа жөнелтіледі. Сондай-ақ, айта кетейік,түнімен теміржол вокзалында да кідірген пойыздардың жолаушыларына көмектер көрсетілді. Жолаушыларды діттеген жеріне жеткізу үшін 6 автобус пен 14 вагоны бар арнайы пойыз бөлінді. 850 адам ыстық тамақпен қамтамасыз етілді. 5 автобус Түркістан, Шымкент қалаларына азаматтарды жеткізумен айналысты. Қажетті медициналық көмек көрсетілді. Сыр халқы Арыстықтардан көмекті аямайды. Көмектесіп жатыр, әлі де қолдау көрсетеді. Шерхан, біздегі бары осы. Алдағы уақытта да ақпараттармен бөлісетін боламыз.
Ақерке БЕРІКБЕКҚЫЗЫ