Арыс қаласында төтенше жағдайға байланысты теміржол қатынасы әлі жанданған жоқ - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Арыс қаласында төтенше жағдайға байланысты теміржол қатынасы әлі жанданған жоқ

25.06.2019

Түрлі бағыттағы17 жүк поезы станса төңірегіндегі қауіпсіз жерде тоқтатылған. Төңірегіндегі Тараз, Шымкент Түркістан теміржол вокзалдарында 2 мың 649 жолаушы діттеген жеріне жете алмай күтіп отыр. Олар ас сумен қамтамасыз етілді. Жергілікті билік оларды айтқан мекендеріне жеткізіп салу үшін арнайы транспорттар ұйымдастыруда. Жол билеттерін тапсыру ісі үйлестірілген.

Сондай-ақ Арыстағы жарылыстан зардап шеккендерді орналастыру үшін Түркістан облысы мен Шымкент қаласында 22 эвокуациялық бекет ашылды. Қазір бұл орталықтарға 3 мың 566 адам жайғастырылған. Олардың 623 ші балалар. Барлығында көшірілгендерге қажетті көмек қарастырылған. Төсек орын мен киім кешек, азық түлік беріліп жатыр. Эвокуациялық пунктердің жұмысы төтенше жағдай аяқталғанға дейін жалғасатын болады.

Зарипа Тұрысбекова, Шымкент қаласы Төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз хатшысы:

Осы пункттерде жас балалардың тізімдері департаменттің сайтында, әлеуметтік желілерінде жарияланған. Ата аналары келіп алып кетіп жатыр. Қалған азаматтарды ата аналарымен табыстыру жұмысы жалғасуда.


 

Хабарламаларға жазылу