«Ауыл» партиясының өкілдері тұрғындармен кездесті
Ақтөбеде «Ауыл» халықтық-демократиялық патриоттық партиясының өкілдері Алға ауданына қарасты Тоқмансай ауылының тұрғындарымен кездесті. Жұртшылық тілегіне құлақ түріп, елдімекендегі шешімін таппаған мәселелермен танысты. 2000-нан астам халқы бар Тоқмансай ауылы орталықтандырылған су құбырына қосылмаған. Жолдың жоқтығы да елдің қабырғасына батқан мәселе. Осы жолғы сайлауда жеңген әкім қордаланған проблемаларды шешеді деп сенеді көпшілік. Сайлауға ауылдық округтен 3 үміткер қатыспақ.
Оразбек Далмағанбетов, «Ауыл» ХДП партиясының Ақтөбе облыстық филиалының төрағасы:
Селолық округтің әкімдерін бұрын тағайындайтын еді. Қазір халық өзі сайлайды. Халық біледі, үміткерлердің қайсысы жұмыс жасайды, қандай білімі бар, жұмысқа қалай, халыққа қалай. «Әкім болсаң халқыңа жақын бол» деген сияқты, соны халық сайлап, сосын халықтың алдында ол өзі отчет береді.
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Цифрландыру және ЖИ экономикаға тың серпін береді
25.05.2026, 20:24
Екібастұз МАЭС-1: Жөндеуден кейін жұмыс қуаты артты
25.05.2026, 20:22
Шалғай ауылдарға ауызсу құбыры тартылып жатыр
25.05.2026, 20:20
Ақтөбе облысындағы ең ауқымды экологиялық жоба сәтті жүзеге асты
25.05.2026, 20:19
AI-фильмдер байқауы: Жүлде қоры - $1 млн
25.05.2026, 20:15
«Munaily Marathon-2026» марафоны өтті
25.05.2026, 20:13
Липосакцияның қаупі қандай?
25.05.2026, 20:13
Оқушылар халықаралық байқаулардан мыңнан аса медаль иеленді
25.05.2026, 20:11