Қазақстан құрамасының формасы ең сәнді киімдердің бірі деп танылды. Танымал Форбс журналы арнайы шолу жасап, осындай тоқтамға келген. Үздік формалар тізіміне бізден бөлек, АҚШ, Либерия, Ресей, Чехия, Қытай, Оңтүстік Африка және Жапония құрамалары енген. Біздің команда формасын сипаттай келе, автор түстердің жақсы үйлесім тапқанына, ең бастысы – жобадағы командалық жұмыстың жоғары болғанына ерекше назар аударады. Өйткені форманы дайындау барысына спортшылар да қатысқан болатын.
«Аспан түстес көк түс қазақ даласындағы шегі жоқ аспанды еске салады. Бұл ел астанасы мен Алматы қаласының сән орталығы екенін одан әрі айқындап, екі қала арасындағы мәдени бәсекелестікті де арттыра түседі. Олимпиадалық рух дұрыс насихатталса, бәрі де жеңіске жетеді», - деп жазды автор.
Шерхан Жамбылұлы