Түркістан облысындағы шөлде қалған ауылға ағын су келді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Түркістан облысындағы шөлде қалған ауылға ағын су келді

16.07.2021

Ұлттық арна тілшілерінің араласуынан кейін Түркістан облысындағы шөлде қалған екінші Жамбыл ауылындағы каналға су келді. Көктемнен бері төрт түлігіне өздері ішіп отырған ауыз суды жырымдап беріп келген елді мекенге бүгіннен бастап секундына 3,5 текше метр су тұрақты жіберілетін болды. Алдағы күндері Жаңа Қият каналына секундына тағы 500 литр су қосымша бөлінеді. Гидротехниктер судың мұндай көлемі есік алдындағы бау бақша мен қолда бар малды суаруға толық жетеді деп отыр.

Естеріңізге сала кетсек, кешегі жаңалықтарымызда Келес ауданындағы екінші Жамбыл ауылы тұрғындарының жеміс ағаштары мен бау бақша қурап, төрт түлік суарылмай жатқан жанайқайы, ал диқаншылықты кәсіп еткен елді екен азаматтарының отбасын тастап, өзге ауылдарда еңбек етуге мәжбүр болғаны туралы проблема айтылған болатын.

Ғани Мәмеков, Жаңа қият каналының учаске басшысы:
Дәл осы елді мекенге дейін менде 600 гектар жер договор бойынша су ішеді. Сол диқандармен келісіп осы елді мекенге малға да, жанға да жететін су бөлуге келісті. Бес күн бойына тоқтамайды.

Ғани Қалмаханов

Хабарламаларға жазылу