Үнді штамы еліміздегі барлық облыс пен қалаларда тіркелді
Үнді штамы еліміздегі барлық облыс пен қалаларда тіркелді. Денсаулық сақтау министрлігі ковид жұқтырған 414 адамның анализіне ПТР скринингін жүргізген. Нәтижесінде, олардың 48,3 пайызында үнді штамы анықталды. Мутацияланған вирустың клиникалық ерекшеліктеріне келесек, ауру тез өршиді, іш аурулары байқалады, жастар көп ауырады, балалар мен жүкті әйелдерде ауыр өтеді дейді мамандар. Осыған байланысты, мамандар қазақстандықтар өз денсаулығына жауапкершілікпен қарап, жақындарына қамқорлық жасау қажеттігін тағы ескертті. Инфекциядан қорғанудың жалғыз жолы – ковидке қарсы вакцинация.
Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының деректерінше, бүгінде «дельта» штаммы әлемнің 96 елінде тіркелді.
Айнагүл Қуатбаева, ҚР ДСМ қоғамдық денсаулық сақтау орталығы басқарма төрағасының орынбасары:59 науқастардың бәрі стационарлық жағдайда ем алып жатыр. Үй жағдайында өзінше емделуге кеңес бермейміз ,бұл өте ауыр өтетін ауру болғасын дер кезінде қаралуды ұсынамыз. Біздің мемлекетімізде бар вакциналар барлық штамдарға төтеп береді деген тұжырым бар.
Раушан Сайлауқызы
Автор
Раушан Сайлауқызы
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
«Мың бала» байқауының жеңімпаздарын марапаттады
22.10.2026, 13:13
Азия пара ойындары: Ядро лақтырып сайысты
22.10.2026, 13:11
Ұлттық музейде 30 түрлі тағдыр көрсетілген фотокөрме ашылды
22.10.2026, 13:10
Өскеменде экологтар жастарға дәріс оқыды
22.10.2026, 13:09
Зерендіде халықаралық «Қансонар» құсбегілік турнирі өтті
22.10.2026, 13:07
Астана сауда үйлері жеңілдіктер науқанын өткізуде
22.10.2026, 13:05
Қазақстан мен Ресей: Дипломатияға 34 жыл
22.10.2026, 13:03
Конституциялық реформа – тұрақтылық кепілі
22.10.2026, 13:01