Университеттер вакцина салдырған студенттерге жеңілдік жасайды
Вакцина салдырған жоғары оқу орындарының студенттеріне жеңілдік жасалады. Білім және ғылым министрінің тапсырмасымен университеттер акцияларды бастап кетті. Жеңілдік аясында, студенттер үшін оқуға, жатақханаларда тұруға мүмкіндіктер, сауықтыру шипажайларына тегін жолдамалар, тегін тамақтану және қоғамдық көлікті пайдалану талондары қарастырылған.
Сондай-ақ, шет тілдері, компьютерлік сауаттылық және кәсіпкерлік дағдыларды дамытатын тегін курстар ұйымдастырылмақ. Тіпті, фитнес залдарына, бассейнге, театрға, кинотеатрға және концерттерге тегін баруға жеңілдік бар. Вакцинацияланған оқытушылар да назардан тыс қалмақ емес. Оларға қосымша ақы төленбек. Сондай-ақ ақылы демалыс ала алады.
Бану Мұхатайқызы, ҚР БҒМ ЖОО Кейінгі білім беру департаменті директорының орынбасары:
Жалпы жеңілдік вакцинацияға қатысты болып отыр. Бүгінгі күні бірнеше университеттер өзінің былайша айтқанда акцияны қолдау жөніндегі мүмкіндігін жариялап отыр. Ол әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті, Гумилов атындағы Еуразия университеті, Сәтбаев атындағы Қазақ техникалық университеті және басқалары.
Раушан Сайлауқызы
Автор
Раушан Сайлауқызы
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Биыл елімізде алғаш рет қазақы тазы күні аталып өтті
06.09.2026, 20:00
Ерекше қажеттілігі бар балаларды қолдау туралы заң: Неге мән беру керек?
06.09.2026, 19:51
ШЫҰ: Президент Бірыңғай транзиттік цифрлық платформа құру бастамасын көтерді
06.09.2026, 19:47
65 жастан асқан жүргізушілер медициналық тексерістен қалай өтеді?
06.09.2026, 18:44
Үкімет Ұлттық қордан қанша қаржы алуды жоспарлап отыр?
06.09.2026, 18:37
Білімін ел игілігіне арнаған қазақстандық ғалымдар
06.09.2026, 18:29
Қазақстан көшпенділер ойындарында көш бастап тұр
05.09.2026, 20:09
Үш облыстың аумағымен әскери техника жүріп өтеді
05.09.2026, 20:09