Еске сала кетсек, ағымдағы жылдың 25-ші мамырында Қарағанды қаласының Орталық демалыс саябағында қатты жел үрмелі батутты аударып тастады. Оқиға салдарынан 11 жастағы бала қаза тапты. Тағы 2 бүлдіршін түрлі жарақаттармен емханаға жеткізілді. Олардың жағдайы қазір қалыпты.
Бұл оқиға бойынша полиция қылмыстық іс қозғап, прокуратура тарапынан бақылауға алынды. Батут иесіне «сауық нысанын заңсыз әрі, талапқа сай орналастырмағаны үшін» деген айып тағылып отыр.
Жанатай Сембеков, Полиция департаментінің мемлекеттік тіл және ақпарат басқармасының басшысы:
Аталған факт бойынша, қылмыстық кодекстің 306-бабы 3-бөліміне сәйкес, қылмыстық іс тіркелді. Тиісті сараптамалар тағайындалды. Нысанның барлық құжаттары алынды. Қазір сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.
Руслан НҰРЛАНҰЛЫ