Президент «Lancaster Group Kazakhstan» холдингі директорлар кеңесінің төрағасын қабылдады
Мемлекет басшысы «Lancaster Group Kazakhstan» холдингі директорлар кеңесінің төрағасы Берік Қаниевты қабылдады. Президентке компанияның спорт, білім беру және экология салаларындағы жобалары таныстырылып, пандемияға қарсы күрес жайы баяндалды. Балалар мен жасөспірімдер футболына қолдау көрсету, жаттығу орталықтарының инфрақұрылымын жақсарту мақсатында құрылған «Jas Qyran» футбол лигасының жетістіктері де сөз болды. Сонымен қатар Алматының экологиясын жақсарту мақсатында құрылған «AirVision.kz» қоғамдық қорының жұмысы таныстырылды.Кездесу соңында Президент маңызды бастамалардың сәтті іске асуына тілектестік білдірді.
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Жасанды интеллект негізіндегі телемедицинаның келешегі зор
20.05.2026, 20:59
Өндіріс пен инфрақұрылым: Алматы облысындағы ірі жобалардың жайы
20.05.2026, 20:57
Шенген аймағындағы шекаралық тексеру цифрландырылды
20.05.2026, 20:14
Жанар-жағармай қымбаттады
20.05.2026, 20:13
Маңғыстауда ірі мұнай компаниясына жарты миллиард теңге айыппұл салынды
20.05.2026, 20:12
Қазақстанда музей саласының болашағы талқыланды
20.05.2026, 20:11
Кенеден келетін кеселдің алдын алу шаралары жүргізілуде
20.05.2026, 20:10
Эбола вирусынан қайтыс болғандар саны 139-ға жетті
20.05.2026, 20:09