Президент Сауд Арабиясының бірқатар кәсіпкерлерімен жеке кездесу өткізді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Президент Сауд Арабиясының бірқатар кәсіпкерлерімен жеке кездесу өткізді

24.07.2022
Президент Сауд Арабиясының бірқатар кәсіпкерлерімен жеке кездесу өткізді

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Сауд Арабиясының бірқатар кәсіпкерлерімен жеке кездесу өткізді

Атап айтқанда, Мемлекет басшысы Ajlan & Bros Holding Group холдингтік топ басқармасының басшысы Аджлан бен Әбделазиз Әл-Аджланмен және Acwa Power компаниясы директорлар кеңесінің төрағасы Мұхаммед Әбунаянмен әңгімелесті.

Сауд Арабиясы Корольдігінің және Таяу Шығыстағы ірі конгломераттың бірі – Ajlan & Bros Holding Group Қазақстанға инвестиция құюға мүдделі екенін айтты. Қазіргі уақытта холдинг Алматы облысының ауыл шаруашылығы саласындағы өндіріс жобасын пысықтауда.

Сондай-ақ, Президент Сауд Арабиясының Мемлекеттік инвестициялық қорын (PIF) басқарушы Ясир Әл-Румайянмен кездесті.

Мемлекет басшысына әлемдегі ең ірі дербес әл-ауқат қорының бірі – Сауд Арабиясының мемлекеттік инвестициялық қорының қызметі жөнінде ақпарат берілді. Қор басшысы Ясир Әл-Румайян экономиканың әртүрлі салаларында жүзеге асырылып жатқан жобалар туралы айтты.

Хабарламаларға жазылу