Елбасы Жексенбек Әділовті қабылдады - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Елбасы Жексенбек Әділовті қабылдады

01.03.2015
Елбасы Жексенбек Әділовті қабылдады

Президент Қ.Сәтбаев атындағы Қазақ Ұлттық техникалық университетінің ректоры Жексенбек Әділовті қабылдады. Ректор Алматыда ресурс үнемдеу саласындағы инновациялық кластер құру сондай-ақ, техника мен технология, геология және тау-кен металлургия салаларындағы инновациялық жобалар туралы баяндады.

Президент сондай-ақ, «Қазақстанның халық банкі» АҚ Директорлар кеңесінің төрағасы Александр Павловты қабылдады. Президент екінші деңгейлі банктерге артылар жауапкершілік зор екеніне, «Нұрлы жол» бағдарламасын қаржыландыру үшін отандық экономикаға солар арқылы қаражат бағытталатынына назар аударды.

Жайнагүл ТӨЛЕМІС

Хабарламаларға жазылу