Президент CNPC компаниясы директорлар кеңесінің төрағасын қабылдады - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Президент CNPC компаниясы директорлар кеңесінің төрағасын қабылдады

03.10.2023

Көмірсутегі кен орындарын барлау және өндіру жұмыстары жалғасады. Мемлекет басшысы CNPC компаниясы директорлар кеңесінің төрағасы Дай ХоуЛянды қабылдады. Қасым-Жомарт Тоқаев Шымкент мұнай өңдеу зауытының өндірістік қуатын арттыру жөніндегі жобаның еліміз үшін мәні зор екенін айтты. Әрі Қытайға газ экспорттауға және Бейнеу-Бозой-Шымкент жаңа газ құбырының желісін салу жобасына, сондай-ақ Қазақстан мұнайының экспорт көлемін ұлғайтуға қатысты мәселелерді қарастырды.

Асима Нұрбайқызы


Хабарламаларға жазылу