Т. Құлыбаев пен А. Машкевич маңызды құжатқа қол қойды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Т. Құлыбаев пен А. Машкевич маңызды құжатқа қол қойды

05.07.2014
Т. Құлыбаев пен А. Машкевич маңызды құжатқа қол қойды

Геология мен металлургия, экология мен салық саласындағы заңнаманы жетілдіруде күш біріктіру және әріптестік орнады. Бүгін Ұлттық кәсіпкерлер палатасының төралқасының төрағасы Тимур Құлыбаев пен «Eurasian Resources Group» корпорациясы директорлар кеңесінің төрағасы Александр Машкевич ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойды. Құжатта  теміржол тасымалы мен мен стратегиялық тауарлар нарығы, әсіресе жанар-жағармай тасымалдауда терифтерді реттеу мәселесін жетілдіру көзделген. Сондай-ақ, тараптар әлеуметтік саладағы әріптестікті нығайтуға сөз байласты.

Тимур Құлыбаев, ҚР Ұлттық кәсіпкерлер палатасы төралқасының төрағасы:

Өздеріңізге белгілі Ұлттық палата тау-кен, мұнай-газ, қаржы саласындағы ірі кәсіпорындармен ынтымақтастық орнатуда. Оның мақсаты - ірі бизнесті кәсіпкерлік саласындағы жүйелі мәселелерді шешуге шақыру, күш біріктіру. Осындай бірінші құжатқа жақында Халық банкпен арада қол қойылды.

Александр Машкевич  «Еurasian resources group» (ERG) директорлар кеңесінің төрағасы:

Бұл біздің корпорацияның Ұлттық палатамен әріптестігінің бірінші қадамы емес. Бұған дейін де ынтымақтастық болды. Дегенмен, болашақта жан-жақты әріптестік қарқыны артады деп ойлаймын. Палатаны кәсіпкерлікті қолдауға құрылған маңызды ұйым екенін ерекше атап өткім келеді.

Дулат АБИБУЛЛАЕВ

 

Хабарламаларға жазылу