Шымкентте «Дельта» штаммының таралуына байланысты сақтық шаралары күшейтілді
Коронивирустың үнділік «Дельта» штамының таралуына байланысты Шымкент қаласында оған қарсы сақтық шаралары күшейтіле бастады. Осыған орай денсаулық сақтау басқармасының басшысы әлеуметтік желі арқылы мегаполис тұрғындарын індетке қарсы жаппай екпе алуға шақырды. Қазір шаһарда 40-тан астам медициналық бекет жасақталып, тәулігіне 6 мыңға тарта азамат ерікті түрде вакцина салдыруда. Жалпы егу науқаны басталғалы Шымкентте 240 мыңнан астам адам індетке қарсы препарат қабылдаған. Оның жартысынан көбі вакцинаның екі компонентін алып үлгерді.
Бақытжан Позилов, Шымкент қаласы денсаулық сақтау басқармасының басшысы:
Бұл коронавирустың басқа штамдарына қарағанда екі есе тез жұғады. Инкубациялық кезеңі 7 күнге дейін ғана. Ең қорқыныштысы өлім-жітім көп. Барлығыңызды вакцинациялауға шақырамын. Тек екпе салу арқылы ғана індетті жеңеміз.
Ғани Қалмаханов
Автор
Ғани Қалмахан
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Бір картинада - жүз тұлға
22.10.2026, 20:30
Студент егіс алқабын ЖИ арқылы талдайтын платформа әзірледі
22.10.2026, 20:21
Түркістан облысында мақта жинау науқаны аяқталуға жақын
22.10.2026, 20:20
Қыстау-Күршім ауылында жаңа мектеп ашылды
22.10.2026, 20:17
Қарағанды облысында жаңа кірпіш зауыты іске қосылды
22.10.2026, 20:15
«Таза Қазақстан» акциясына 8 млн адам қатысты
22.10.2026, 20:13
Еліміздің экобастамаларын сарапшылар жоғары бағалады
22.10.2026, 20:11
Қазақстан мен ЕуроОдақ байланысы нығайып келеді
22.10.2026, 20:06