Талдықорғанда балабақша тәрбиешісі 2 жастағы қызды екінші қабаттың терезесінен құлатып алды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Талдықорғанда балабақша тәрбиешісі 2 жастағы қызды екінші қабаттың терезесінен құлатып алды

16.05.2019

Жантүршігерлік оқиға мектеп-гимназиясының бейнекамераларына түсіп қалған. Мектеп жанындағы балабақшада тәрбиеші кішкентай баланы терезенің алдына өзі тұрғызып қояды. Екіншісін де терезеге көтереді. Сол сәтте кішкентай қыз құлап кетеді.

Қазір шағын орталық тәрбиеленушісінің жағдайы ауыр. Арнайы тыныс алу аппаратына қосылып, ес-түссіз жансақтау бөлімінде жатыр. Тәрбиешінің үстінен қылмыстық іс қозғалып тергеу амалдары жүріп жатыр. Белгілісі, балдырғанның ата-анасы осы мектепте қызмет етеді.

Серік Үпиев, Алматы облыстық Полиция департаменті баспасөз қызметінің өкілі:

- Қазіргі таңда ҚР ҚК 141-бабына сәйкес сотқа дейінгі тергеу амалдары басталды. Қылмыстық істің тергеу жұмыстары облыстық Полиция департаменті басшылығының қатаң бақылауына алынды.

 Қуаныш ҚАНАТҰЛЫ

Хабарламаларға жазылу