Браконьерлердің қолынан қаза тапқан Ерлан Нұрғалиевтің ісі әлі тергеліп жатыр - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Браконьерлердің қолынан қаза тапқан Ерлан Нұрғалиевтің ісі әлі тергеліп жатыр

30.04.2019

«Охотзоопром» мекемесінің инспекторы Ерлан Нұрғалиевті өлтіргендерге қатысты тергеу әлі жүріп жатыр.

Естеріңізде болса, жыл басында Қарағанды облысының Нұра ауданында табиғат қорықшыларына браконьерлер шабуыл жасаған болатын. Бір адамды өлтіріп, тағы бірін жарақаттаған 3 күдікті арнайы операция кезінде Қызылорда облысында ұсталған еді. Жалпы, қару асынып, қыр астында жымысқы жүретін браконьерлер көбіне-көп киіктерді торуылдайтыны белгілі. Оларды қолға түсіру оңай шаруа емес. Ен даланы кезген табиғат инспекторлары талай мәрте ажал аузынан қалғаны ел есінде. Мәселен, былтыр браконьерлерге қарсы 150-ден астам қылмыстық іс қозғалыпты. 250-ге жуық әкімшілік құқықбұзушылық тіркелген. Соның 70-тен астамы заңсыз киік аулау фактісі ретінде тіркелген. Мемлекетке келтірілген шығын көлемі 2 миллиард теңгеге жуық.

Ербол МӘНДІБЕК

Хабарламаларға жазылу