БҚО-да қызғалдақ теруге шыққан 7 оқушы жол апатына ұшырады
Көлік тізгінінде 11-сынып оқушысы болған. Ол көліктің кілтін атасынан сұрап алып, сыныптастарымен бірге қызғалдақ теруге шыққан. Апаттан зардап шеккен 17 жастағы қыз бала қазір ауруханада жатыр.
Оқиға кеше кешкісін Жаңақала ауылынан 4 шақырым жерде болған. Полицейлердің мәліметінше, LADA Largus көлігінің жүргізушісі рөлге ие бола алмай, аударылып қалған. Қазір сотқа дейінгі тергеу басталды.
Айнагүл Сақпосынова, облыстық Денсаулық сақтау басқармасының баспасөз хатшысы:
- 7 мектеп оқушысы Жаңақала аудандық ауруханасына жеткізілді. Оның 6-уы амбулаторлық ем алуға жолданды. 2002 жылғы қыз бала түрлі жарақаттармен ауруханаға жатқызылған. Түнде қаладан санавиациямен нейрохирург, хирург, реаниматолог барып, ота жасалған. Қазіргі жағдайы ауыр.
Ардақ МҰРАТҚЫЗЫ
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы