Қарағанды әуе айлағында жеңіл моторлы ұшақ апатқа ұшырады
Алдын ала мәлімет бойынша, екі адам қаза тапқан. Оқиға 21 сәуір күні сағат 16:25-те Балапан әуе айлағында болған. Оқиға орнында болып қайтқан тілшіміз Руслан Нұрланұлы баяндайды.
FK14 Polaris жеңіл авиацияның әуе кемесі Қарағандыдан 15 шақырым қашықтықта дәл осы жерде құлаған. Апат кезінде ұшақта екі адам болған. Олардың бірі - 1967 жылғы тәжірибелі нұсқаушы, ал екіншісі - небәрі 29 жастағы ұшқыш.
Ұшақ шағын авиациялық жаттығу орталығына тиесілі екені белгілі болды. Қазір тиісті органдар тарапынан оқиғаға қатысты іс қозғалды. Оқиға орнынан жақын баруға орган қызметкерлері рұқсат етпеді. Маңайдың барлығы қоршаулы. Әзірге біздегі ақпарат осы. Бұл оқиғаға қатысты барлық ақпаратты назарда ұстайтын боламыз.
Руслан НҰРЛАНҰЛЫ
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Жаңаөзенде 400 бала тегін үйірмелерге қатысуда
20.08.2026, 20:24
Шетелдік ғалымдар: Қазақстанның бір палаталы парламентке көшуі - тарихи өзгеріс
20.08.2026, 20:20
Құрылтай сайлауы күні 16 сағаттық жалпыұлттық online-марафон өтеді
20.08.2026, 20:19
Үгіт-насихат науқаны аяқталуға жақын
20.08.2026, 20:15
Халықаралық бақылаушылар дайындық барысымен танысты
20.08.2026, 20:15
Бала капиталы: Мемлекеттік қолдауды тиімді пайдалану жолдары
20.08.2026, 20:10
Алғаш рет депозиттегі қаражат 30 трлн теңгеден асты
20.08.2026, 20:07
Жатақхана тапшылығы 5700 орынға дейін қысқарды
20.08.2026, 20:06