Алматыда бір тәулікте 2715 адам вакцина салдырды
Алматыда соңғы тәулікте 2700-ден астам адам коронавирусқа қарсы вакцина салдырды. Ал жалпы 1 ақпаннан бері екпе алғандар саны 340 мыңнан асты. Олардың 35 мыңға жуығы 60 жастан асқандар, дейді денсаулық сақтау басқармасы. Қазір қаладағы 211 вакциналау пунктінен бөлек, 40 көшпелі бригада жұмыс істеп тұр. Сондай-ақ, мегаполистегі ірі сауда орындарының бірінде вакцина алғандар арасында өтіп жатқан ұтыс ойынының қорытындысы жарияланып, жеңімпазға 100 мың теңге сыйлық табысталды. Сондықтан, дәрігерлер мен қоғам белсенділері көпшілікті әлі де вакциналауға шақыруда.
Марат Шибұтов, Ұлттық қоғамдық сенім кеңесінің мүшесі:Қазір қалада вакцинаның 4 түрі қолжетімді. Бұл өзге мемлекеттермен салыстырғанда өте үлкен мүмкіндік. Мәселен, кей елдерде вакцина алу үшін жарты жыл кезекте тұрады. Тіпті, шекара асып, екпе салдырып жатқандар бар. Ал бізде бұл мүмкіндікті көпшілік пайдаланбай жатыр. Сондықтан, халықты вакцинаға жауапкершілікпен қарауға шақырамын.
Нұрхан Нұрланұлы
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Ақтөбе облысының Ойыл ауданында жаңа мектеп салынды
08.01.2026, 17:43
Ақшасыз қалған марокколыққа ақтаулықтар көмектесуде
08.01.2026, 17:41
Абай облысында «Таза Қазақстан» шарасы биыл да жалғасады
08.01.2026, 17:39
Кәсіпкерліктің дамуы – экономиканың негізгі тірегі
08.01.2026, 17:37
Депутаттар өңірлерді аралап жүр
08.01.2026, 17:35
Ереже бұзғандарға алдымен ерскерту айтыла бастады
08.01.2026, 17:30
Түркістан облысында ₸271 млн субсидияны жымқырғандар сотталды
08.01.2026, 17:27
«НАS» қаржы пирамидасы: ₸1,2 млрд мүлкі тәркіленді
08.01.2026, 17:24