Алматыда жол-көлік апатынан 8 адам зардап шегіп, көлік жүргізуші оқиға орнында көз жұмды. Алдын ала мәлімет бойынша, Алғабас ықшамауданындағы Проектуемый көшесімен батысқа қарай бет алған Volkswagen минивэн көлігінің жүргізушісі белгісіз себептермен тізгінге ие бола алмай қалған. Жолдан шығып кеткен автомобиль аударылып, жүргізуші жедел-жәрдем келгенше жарық дүниемен қош айтысқан.
Одан бөлек, көліктегі екі ересек адам мен бес бала зардап шеккен. Жедел жәрдеммен шұғыл медициналық орталыққа жеткізілген 4 баланың үшеуі алғашқы медициналық көмектен кейін үйіне жіберілген. «Қазір оқиғаның себеп-салдары анықталып жатыр», дейді қалалық Ішкі істер департаментінің мамандары. Қылмыстық Кодекстің 345 бабының 3-ші тармағы бойынша қылмыстық іс қозғалды.
Дінмұхаммед Бексауытұлы, Алматы қаласы балалар шұғыл медициналық жәрдем орталығы бас дәрігерініің орынбасары:
9 жасар бала бас миының жабық жарақаты, бас миының соғылуы, бет жарасымен келіп түсті. Жаралары өңделіп, ауруханаға жатқызылды. Қазіргі таңда жағдайы ауыр.
Нұрлан АСҚАРҰЛЫ