МИ-8 тікұшағы ұшуға жарамды болған - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

МИ-8 тікұшағы ұшуға жарамды болған

28.03.2019

Парламент Сенатының депутаты Талғат Мұсабаев Қызылорда облысында тікұшақ апатына қатысты пікір білдірді.

«Экипаж барлық қажетті шараны қабылдады. Техниканың өзіндік ерекшелігі бар, яғни авиация - ол ең қиын көліктің түрі. Сондықтан, экипажға байланысты емес осындай қайғылы оқиғалар болады, ал тікұшақ ұшуға жарамды болған»,-деді сенатор.

Талғат Мұсабаев, ҚР Парламенті Сенатының депутаты:

МИ-8 тікұшағы әуеге көтерілген кезде ауа райы қолайсыз, қараңғы болған. Мұндай жағдайда ұшудың қалай екенін жақсы білемін. Экипаж қолынан келгеннің бәрін жасады.

Техниканың аты техника, авиация - көліктің ең күрделі түрі, кейде осындай ауыр салдары болады және жағдай үнемі экипаж мүшелеріне байланысты бола бермейді. Ал құлаған МИ-8 тікұшағы  жаңа, ұшу талаптарына сай болған.

Индира БЕГАЙДАР

Хабарламаларға жазылу