Қайтыс болған екі туристке қатысты қылмыстық іс қозғалды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Қайтыс болған екі туристке қатысты қылмыстық іс қозғалды

31.05.2021

Түркістан облысының Сайрам-Өгем шатқалында жоғалып кеткен екі туристен әлі күнге дерек жоқ. Оларды іздеуге бүгін өзбекстандық құтқарушылар да қосылды. Көрші елдің құтқаршуылары Өгем өзенінің арнасын бойлай Шарбақ су қоймасына құятын жерге дейінгі шекара аумағын тексеріп шықпақ.

Мобильді топтар алты бағыт бойынша табиғи парк аумағындағы шатқалдарың әрбір қалтарысын тексеруде. Сайрам-Өгемде мұндай шатқалдар саны 200-ге жуық. Құтқарушылардың бел жазып, тізе бүкпегеніне бүгін 5 тәулік. Жасақтар содан бері тауда түнеп жүр. Олар бүгінге дейін мемлекеттік парктің 40 мың гектар жерін жаяу шолып шықты.

Сондай-ақ «Қазавиақұтқару» мекемесінің екі тікұшағы да әуеден бақылау жұмысын әлі күнге тынымсыз жүргізіп келеді. Олар шамамен 2 мың шақырымнан астам жерге аэровизуальды барлау жасады. Тау қыртысының күрделілігі мен өзендердің қатты ағысы іздестіру жұмыстарын жүргізуге едәуір қиындық туғызуда. Бүгінгі таңда іздеу жұмысына альпинизм федерациясының 218 адамы мен 32 техника жұмылдырылған. Жоғалған жасөспірімдерді туыстары да қосыла іздеп жатыр.

Ерік Сарыбаев, облыстық төтенше жағдайлар департаменті басшысының орынбасары:
Қазіргі таңда іздестіру жұмыстарына төтенше жағдай департаменті, полиция, ұлттық қауіпсіздік комитетінің шекара қызметі, ұлттық парк қызметкерлері жұмылдырылып, ізідестіру жүруде. Сонымен қатар Өзбекстан Республикасы Ташкент облысы төтенше жағдайлар бас басқармасының қызметкерлері де кешеден іздеуге қосылды.

Ал осы топпен бірге «Сары айғыр» шатқалына дейін барып, қайтар жода адасып, қайтыс болған екі азаматтың денесін бүгін туыстары жер қойнына тапсырды. Олардың бірі Ақтөбе облысының, екіншісі Түркістан облысының тумасы. Құтақарушылар олардың денесін алдыңғы күні Өгем өзені бойынан тауып алған болатын. Мәйіттерге сол күні сот медициналық сарапатамасы жасалып, туыстарына берілді. Қайғылы оқиғаға байланысты Түркістан облыстық полиция департаменті қылмыстық іс қозғады. Сондай-ақ бүгіннен бастап балалардың жазғы демалысының басталуына орай өңірдегі таулы аймақтарда қауіпсіздік шаралары күшейтілді.

Ғани Қалмаханов

Хабарламаларға жазылу