«Ұлы дала генералдары» атты биографиялық анықтама жарық көрді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

«Ұлы дала генералдары» атты биографиялық анықтама жарық көрді

27.05.2021

Алматыда «Ұлы дала генералдары» атты биографиялық анықтама жарық көрді.

Аталған кітап ел тәуелсіздігінің 30 жылдығы мен «Генералдар кеңесі» республикалық қоғамдық бірлестігінің 20 жылдығына арналып шығарылған. Анықтамада Қазақ хандығы кезеңі, Кеңес дәуірі мен тәуелсіз Қазақстандағы 700 генерал туралы биографиялық ақпарат берілген. Бастама ел дамуына өлшеусіз үлес қосып, адал қызмет еткен тұлғаларды өскелең ұрпаққа танытып, патриоттыққа тәрбиелеуге бағытталған деді жиналғандар.

Нұрхан Нұрланұлы

Хабарламаларға жазылу