Бүгін ҚР Президентінің «Ұлы даланың жеті қыры» атты мақаласы жарық көрді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Бүгін ҚР Президентінің «Ұлы даланың жеті қыры» атты мақаласы жарық көрді

21.11.2018

Бүгін Елбасының «Ұлы даланың жеті қыры» атты мақаласы жарық көрді. ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты Омархан Өксікпаев, «Егемен Қазақстан» АҚ Басқарма төрағасы Дархан Қыдырәлі студияда мақалаға қатысты пікірлерімен бөлісті.

«Ұлы даланың жеті қыры» - үлкен мақала. Елбасымыз мақалада кешегімізге үңіліп, білуді, ұрпаққа тарихи байлықтарымызды жеткізуді, ата-бабаларымыздың дәстүрін дәріптеуді суреттеген», - дейді депутат.

 

«Ұлы дала  өркениеттілікті білдіреді. Бұл тек көшпелі салт емес.  Тарихты бірі білсе, бірі біле бермейді. Шын мәнінде сырттан іздеп жүрген дүние ұлы даладан шыққан. Елбасы мақалада жеті қырын жүйелеп, іске асыру тетіктерін белгілеп берді. «Ұлы дала» терминін Елбасы енгізіп отыр.

Дүниежүзінде тарихты жасайтын тұлға және тарихты жазатын тұлғалар болады. Мысалы, Бобур. Олар өте санаулы адамдар. Елбасымыз – тарихты жазған әрі жасаған санаулы тұлғалардың қатарында», - дейді Дархан Қыдырәлі.

 

Толық нұсқа

 

«YouTube»-тағы «Qazaqstan TV» арнасына жазылып, AppStore және Google Play сервистерінен «Qazaqstan TV» мобильді қосымшасын тегін жүктеп алыңыз.    

Хабарламаларға жазылу