«Егемен Қазақстан» Елбасы кітабының жаңа бөлімдерін жариялады - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

«Егемен Қазақстан» Елбасы кітабының жаңа бөлімдерін жариялады

02.11.2016
«Егемен Қазақстан» Елбасы кітабының жаңа бөлімдерін жариялады

«Егемен Қазақстан» газеті Президент Нұрсұлтан Назарбаевтың жаңа жазылып болған «Ұлы дала ұлағаттары» атты кітабын жариялауды жалғастырып жатыр.

Басылымның бүгінгі санында және egemen.kz сайтында кітаптың «Тәуелсіздіктің тал бесігі» және «Саясат салтанаты» атты бөлімдері жарық көрді.

Бірінші бөлімде Елбасы тәуелсіздіктің тал бесігі Алматы туралы толғаныстарымен бөліседі.

Екінші бөлім «Саясаттың мәні неде? Саясаткердің мұраты қандай?» деген сұрақтарға ширекғасырлық жаңа тарих кезеңіндегі басты оқиғалар, алға қойылған және орындалған міндеттер негізінде жауап береді.

«Ұлы дала ұлағаттары» кітабына Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың қажырлы еңбекке толы ғұмырында саясаткер және жеке тұлға ретінде түйген ойлары, ел мен жер, адами және ұлттық құндылықтар туралы философиялық толғаныстары жинақталған.

Хабарламаларға жазылу