Оңтүстікқазақстандықтар «Қазақ елі» атты анимациялық фильм түсіруде - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Оңтүстікқазақстандықтар «Қазақ елі» атты анимациялық фильм түсіруде

06.10.2015
Оңтүстікқазақстандықтар  «Қазақ елі» атты анимациялық фильм түсіруде

Бұл туралы бүгін ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметінің облыстық филиалында облыстық Мәдениет басқармасы басшысының орынбасары Асылхан Темірхан хабарлады.

Оның айтуынша, толық метражды фильмнің премьерасы осы жылдың 16 желтоқсан күні Астана қаласында өтпек.

Аталған фильмнің режиссеры «Оңтүстікфильм» мекемесінің директоры Батырхан Дәуренбеков. Сондай-ақ, Оңтүстік Қазақстанда Қазақ хандығының 550 жылдығына орай «Ұлы дала өсиеті» атты кітап жарық көрді.

Баспасөз мәслихатында басқарма басшысының орынбасары Қазақ хандығының туы тігілген – Тараз қаласында өтетін мерейтойға Оңтүстік Қазақстаннан екі жүзге жуық делегат қатысатынын айтты, деп хабарлайды облыс әкімдігінің баспасөз қызметі.

 

 

Хабарламаларға жазылу