Сағат Заханқызы: Шеттегі қандастарымыздың қара шаңыраққа оралуы - Тәуелсіздік тарихының бір бөлшегі - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Сағат Заханқызы: Шеттегі қандастарымыздың қара шаңыраққа оралуы - Тәуелсіздік тарихының бір бөлшегі

10.12.2015
Сағат Заханқызы: Шеттегі қандастарымыздың қара шаңыраққа оралуы - Тәуелсіздік тарихының бір бөлшегі

Жақында қаламгердің «Ұлы көш: аңыз бен ақиқат» атты кітабы жарық көрді.

«Еліміз егемендігін алған сәттен бастап шеттегі қандастарымыз қара шаңыраққа жинала бастады. Оның да тарихы бар. Бұл - егемендігіміздің тарихының бір бөлшегі. Елбасымыз оған «Ұлы көш» деп баға берді.

Осы ұлы іске араласып, Моңғолиядан алғашқы келген көшке жол ашып, Қазақ пен Моңғол үкіметтерінің арасындғы келісімшарттарға қатыстым. Қолымдағы жиналып қалған құжаттар тарихшыларға көмек болсын деген мақсатпен осы жинақты шығардым. Бұл -  «Ұрпақтар тоғысы» атты кітабымның жалғасы», дейді жазушы.

Сұхбаттың толық нұсқасын «Таңшолпаннан» тыңдай аласыздар.

Хабарламаларға жазылу