Шекарадағы Бағыс пен Кескен ауылдары Түркістан облысына қосылды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Шекарадағы Бағыс пен Кескен ауылдары Түркістан облысына қосылды

25.05.2021

Қазақ-өзбек шекарасы айқындалған кезде картаға енбей, өз алдына дербес болып қалған Бағыс және Кескен ауылдары Үкімет басшысы Асқар Маминнің қаулысымен Қазақстан Респуликасының құрамына енді. Осы құжатқа сәйкес екі елдімекенге 795 гектар жер бөлініп берілді. Ол көрші Өзбекстан Республикасының меншігінен алынады. Бағыс осылайша ендігі жерде өздеріне тиесілі жер телімімен Сарыағаш ауданындағы Ақжар ауылы округы құрамына, ал Кескен Құркелес ауыл округының қарамағына қосылды. Үш сатыдан тұратын бұл процес биылғы жылдың сәуірінде басталған болатын. Құжат алдымен Сарыағаш ауданы мәслихатында, онан кейін Түркістан облысы әкімі мен облысының мақұлдауынан өтіп, Үкімет қарауына жіберілген болатын. Бүгінде Бағыста 258, ал Кескенде 23 отбасы тұрып жатыр.

Ғани Қалмаханов

Хабарламаларға жазылу