Испания аумағына бір күнде Мароккодан 5 мыңдай мигрант өтті - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Испания аумағына бір күнде Мароккодан 5 мыңдай мигрант өтті

18.05.2021

Испания аумағына бір күнде Мароккодан 5 мыңдай мигрант өтті. Олардың үштен бір бөлігі – кәмелетке толмаған балалар. Босқындар Сеута қаласына үрмелі қайықпен жеткен. Теңізден өту кезінде бір адам суға кетті. Мигранттардың Еуропадағы корольдіктің жеріне көптеп өтуіне Испания мен Марокко қарым-қатынасының нашарлауы себеп. Яғни, босқындар қарт құрлыққа жету мүмкіндігінен айрылудан қорқып, жаппай жолға шықса керек.

Айта кетейік, таяуда Испанияда Мароккодан тәуелсіздік талап еткен қарулы топтың мүшесі емделді. Осыған қатысты солтүстікафрикалық монархия Мадридке наразылық білдірген. Бұған қоса, Рамазан айы аяқталған соң талай марокколық Еуропаға заңсыз жолмен қайтпақ болды деген болжам бар.

Арыстан Рысбек

Хабарламаларға жазылу