Мароккода мигранттар полициямен қақтығысты - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Мароккода мигранттар полициямен қақтығысты

20.05.2021

Марокконың Испаниямен шекаралас Фнибек қаласында жүздеген мигрант полициямен қақтығысты. Олар тәртіп сақшыларына тас атып, көшелерде қоқыс жәшіктеріне от қойған. Мұның алдында мигранттар Испанияның Сеута қаласына заңсыз өтуге әрекеттенген. Алайда, құқық қорғау қызметкерлері бұған жол бермеді.

Дүйсенбі күні Марокко Батыс Сахараға тәуелсіздік беруді талап еткен қарулы топ мүшесін емдеді деп, Испаниямен шекарадағы бақылауды әлсіретті. Содан кейін еуропалық корольдік жеріне Мароккодан 8 мыңдай мигрант кірген. Мадрид олардың үштен екі бөлігін әскердің күшімен кері қайтарды.

Арыстан Рысбек

Хабарламаларға жазылу