Еуропаға асыққан мигранттар азаяр емес - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Еуропаға асыққан мигранттар азаяр емес

20.02.2017
Мароккодан тек соңғы үш күнде 400-дей мигрант Испанияға барды. Олар 6 метрлік қабырғадан секіріп, Сеута қаласына өткен. Сол кезде босқындардың 11-і жараланып, ауруханаларға жеткізілді. Ал, жұма күні Испанияға 500-дей африкалық мигрант жетті.

Бұдан өзге, босқындардың мың жарымы шекара маңында құжаттарын күтіп жүр. Ресми ақпараттарға қарағанда, өткен айда Сеута қаласына мыңдаған босқын өтпек болыпты. Дегенмен, олардың көбі еліне қайтарылды.

Фариза МҰСАҚЫЗЫ

Хабарламаларға жазылу