Испания жағалауында 5 мигрант суға батты - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Испания жағалауында 5 мигрант суға батты

07.09.2018

Жерорта теңізінің батысындағы Испания жағалауында 5 мигрант суға батты. Ал, 193 босқын құтқарылды. Халықаралық агенттіктердің хабарлауынша, Африкадан қашып, Еуропада пана табамын деген босқындар мінген 6 кеме суға батқан. Испан жағалауларында құрбан болғандар саны күн санап өсіп келеді.

Жергілікті қауіпсіздік күштерінің деректеріне сүйенсек, былтыр осы өңірлерде 153 мигрант қаза тапса, биыл тамыз айының соңына дейін жан тапсырғандар және жоғалып кеткендер саны155-ке жетті. Ал, ішкі істер министрлігінің келтірген деректері бойынша, биыл күз айларына дейін Испанияға бас-аяғы 33,195 мигрант заңсыз кірген. Бұл былтырғы көрсеткіштер бойынша екі есеге көп. 

Мақпал СЕРЖАНҚЫЗЫ

«YouTube»-тағы «Qazaqstan TV» арнасына жазылып, AppStore және Google Play сервистерінен «Qazaqstan TV» мобильді қосымшасын тегін жүктеп алыңыз.    

Хабарламаларға жазылу