Балқаш станциясының тұрғыны көршісінің екі баласын өрттен құтқарды
4 және 5 жастағы екі бүлдіршін оттықпен ойнап, төсек орынды жағып жіберген. Балалардың жалғыз екенін сезген Арсен Түсіпбеков үй сыртынан 2-ші қабатқа өрмелеп шығып, пәтерге ас үйдің терезесі арқылы кірген. Балалар есікті аша алмай, қатты қорқып қалған.
Құтқарушылар мен жедел жәрдем жеткенше балақайларды көршілері өз үйлерінде ұстаған. Мамандар тексеріс кезінде пәтерден қолдануға тыйым салынған газ баллонын тапты. Балалардың ата-анасы жұмыста болыпты. Ал, бүлдіршіндердің өмірі үшін өз басын қатерге тіккен Арсен Түсіпбековты құтқарушылар марапатқа ұсынбақ.
Арсен Түсіпбеков, Балқаш станциясының тұрғыны:
- Мен үйге кіргенде түк көрінбеді. Тек балаларды ғана байқадым. Олар сыртқы есікті аша алмаған секілді. Еденнің барлығы су болды. Соған қарағанда өртті өздері сөндірмек болған.
Руслан НҰРЛАНҰЛЫ
«YouTube»-тағы «Qazaqstan TV» арнасына жазылып, AppStore және Google Play сервистерінен «Qazaqstan TV» мобильді қосымшасын тегін жүктеп алыңыз.
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы