Алматыда жас келіншектің 9 миллион теңгесін ұрлаған күдіктілер ұсталды
31 жастағы әйелдің жеке көлігіне қалдырған қыруар қаражатын бұзақылар терезені сындырып кіріп, түптеп кеткен. Десек те, ұрыларды анықтауға аса көп уақыт кетпепті. Қазір төрт адамның екеуі ұсталған.
Ал, ізін жасырғандарға іздеу жарияланды. Әуелі 45 жастағы сұғанақ қолды азамат Алматы облысының аумағынан ұсталса, екіншісі 49 жастағы күдікті Алатау ауданында тығылып жүрген жерінен қолға түсті.
Салтанат Әзірбек, қалалық Ішкі істер департаментінің ресми өкілі:
- Аталмыш дерек бойынша ҚК 188-бабының 3-ші тармағы бойынша қылмыстық іс қозғалып, қазіргі таңда бұл іске қатысы бар екі күдікті қолға түскен болатын. Екеуі де бұрын-соңды сотталған. Қазіргі таңда дәйекті заттарды тәркілеуге және қылмыстық іске тіркеуге бағытталған іс-шаралар жалғасуда.
Нұрлан АСҚАРҰЛЫ
«YouTube»-тағы «Qazaqstan TV» арнасына жазылып, AppStore және Google Play сервистерінен «Qazaqstan TV» мобильді қосымшасын тегін жүктеп алыңыз.
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы