Оқиға бүгін Забадам елді мекенінде күндіз сағат 11:00 шамасында болған. Жарылыстың жойқын болғаны сонша - 35 жастағы жігіттің аяғы мен қолын жұлып кеткен. Ал, 1998 жылы туған екінші азаматтың аяғы сынып, көптеген дене жарақатын алған.
Дәрігерлер жедел операция жасап, өмірлерін ажалдан арашалап қалды. Аяқ-қолынан айырылған жігіт қазір жансақтау бөлімінде. Ал, екінші азаматтың жағдайы тәуірлеу, жарақат бөлімінде ем алып жатыр. Құзырлы органдар оқиғаға байланысты әзірге ешқандай ресми хабар таратқан жоқ. Ал, бейресми дерек көздеріне сүйенсек, апат әскери снарядтың жарылуынан болған. Екі азамат оны түсті металл ретінде бөлшектеп саудалау үшін арамен кесіп отырған жерінде жарылып кеткен.
Сәбит Байбосынов, Шымкент қалалық жедел жәрдем ауруханасының бөлім меңгерушісі:
- Бірінші 1984 жылғы науқастың денсаулығына төнген қауіп тоқтады. Қазір шокқа қарсы ем жүргізілуде. Егер науқас одан шықса, өміріне қауіп төнбейді. Екіншісі шоктан шықты. Қазір жағдайы бірқалыпты, ауыр.
Ғани ҚАЛМАХАНОВ
«YouTube»-тағы «Qazaqstan TV» арнасына жазылып, AppStore және Google Play сервистерінен «Qazaqstan TV» мобильді қосымшасын тегін жүктеп алыңыз.