Ұлттық арна «Тұмар» ұлттық телевизиялық байқауында 3 бірдей номинацияны жеңіп алды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Ұлттық арна «Тұмар» ұлттық телевизиялық байқауында 3 бірдей номинацияны жеңіп алды

06.05.2021

«Қазақстан» телерадио корпорациясы «Тұмар» телевизиялық байқауында бір емес үш бірдей номинацияны жеңіп алды. Бүгін бесінші рет ұйымдастырылған ұлттық додада отандық телевизияның үздіктері топ жарды. 

Байқау 10 номинациядан тұрады. «Qazaqstan» арнасы соның 9 аталымы бойынша үміткерлер қатарынан көрінді. Қорытындыға сәйкес, үш жоба топ жарып шықты. Оның бірі «Үздік әлеуметтік жоба» номинациясын жеңген «Теледәрігер» бағдарламасы. Пандемия басталғалы халықтың медициналық сауатын арттыруға өз үлесін қосып келе жатқан бағдарламаға төрешілер тарапы жоғары баға берді.

Сәуле Смайылова, «Теледәрігер» бағдарламасының жетекшісі:
Тәулік бойы жұмыс істеп, эфирге шыққан дәрігерлер болды. Сондықтан бірінші кезекте дәрігерлерге алғыс айтамыз.

 Ал Нартай Аралбайұлы жүргізетін «Жүзден жүйрік» бағдарламасы бүгін ойын-сауық жобаларының арасында жүзден жүйрік атанды.

Аида Тілеухан, «Жүзден жүйрік» бағдарламасының продюсері:
Біз үшін үлкен қуаныш, және мотивация. Пандемия кезінде жүзеге асқан болатын.«Жүзден жүйрік» отандық телевизияның интеллектуалды жеңісі және жемісі.

Ұлттық байқауда аймақтық телеарналардың еңбегі де назардан тыс қалған жоқ. Корпорацияға қарасты «Saryarqa» арнасының Нығмет Нұрмақов туралы туындысы «Деректі фильм» номинациясында топ жарды. Қатысушыларға арнайы статуэткамен қоса, 1 млн теңге сыйақы берілді.

Раушан Сайлауқызы


Хабарламаларға жазылу